2024 жылғы 12 ақпанда "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің
Ақсай ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық
Республикасынан шығарылуының 35 жылдығына арналған "Граниттегі есім, жүректердегі естелік"
атты іс-шара өткізілді. Мектеп оқушыларымен кездесуге Есіл ауданының ауған соғысы және басқа
да жергілікті соғыстар ардагерлері мен мүгедектері кеңесінің төрағасы Жанат Сатубалдинұлы
Әлжанов және Ауған соғысының қатысушысы Николай Павлович Негров шақырылды. Кездесуге 8-11
сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық құрамы қатысты. Қонақтардың назарына
Ауғанстандағы соғысқа арналған әдеби-музыкалық композиция ұсынылды. Сондай-ақ, Есіл ауданының ауған
жауынгерлері туралы фильмдер және осы соғыста қаза тапқан жерлесіміз Левицкий Сергей
Иванович туралы фильм көрсетілді. Содан кейін балалар ардагерлермен еркін сөйлесіп, қонақтар
жас ұрпаққа қоштасу сөздерін айтты. Іс-шара соңында қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды.