Текст
06.05.2026
Әскери-патриоттық тәрбие жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 6 мамырында “Ақсай ауылының ЖББ орта мектебі”КММ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған Ерлік сабағы өтті. Іс-шараға 5-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов және оның қазақ армиясын дамытудағы рөлі туралы фильм көрді. Сондай-ақ, олар Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған қазақстандық жауынгерлер туралы «Қазақ даласының батырлары» фильмін көрді.
22.04.2026
2026 жылдың 21 сәуірінде «Ақсай ауылының жалпы білім беретін мектебі»КММ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және шет елдердің әскери академияларына түсу шарттары мен іріктеу процесі туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру науқанын өткізді. Кездесуге 9-11 сынып оқушылары қатысты. Науқан нәтижесінде тоғызыншы сыныптың екі оқушысы Максим Рябов пен Денис Чекин Астанадағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжге түсуге ниет білдірді.
17.04.2026
Іс-шаралар жоспары "Ұлттық кітап күні" мерекесіне орай
16.04.2026
«Ұлттық кітап күні»мерекесіне бастауыш сынып оқушыларына "Пакеттің жаңа өмірі"эко-ертегісі көрсетілді. 1-4 сынып оқушылары кітаптар туралы бояу парақшаларын бояды
16.04.2026
Ұлттық кітап күніне арналған онкүндік. "Ғылымға апаратын жол". 8 сынып оқушыларына химия және биология ғалымдары туралы фильм көрсетілді.
14.04.2026
Ұлттық кітап күні қарсаңында"Ақсай ауылының ЖББМ" КММ бастауыш сынып оқушыларымен "Балалар басылымдары-кітапқа жол" атты іс-шара өтті. "Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі" көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру.
07.04.2026
Ақсай ауылының жалпы білім беретін мектебінде ағылшын тілі онкүндігі аясында 6, 7 және 8-сынып оқушылары арасында «CHAMPION» атты мектепішілік ойын олимпиадасы өтті. Бұл интеллектуалды жарыстың мақсаты — оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және алған білімдерін практикада қолдану. Ұйымдастырушы: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Оспан Г.Е.
06.04.2026
Бүгін мектебімізде ағылшын тілі онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті! Алдымызда көптеген қызықты іс-шаралар күтіп тұр: байқаулар, викториналар, ойындар және шығармашылық тапсырмалар.Бұл — білімдеріңізді көрсетуге, таланттарыңызды ашуға және ағылшын тілін одан әрі жақсы көруге тамаша мүмкіндік! Барлық қатысушыларға сәттілік, шабыт және жарқын жеңістер тілейміз!
31.03.2026
1 - сыныпқа құжат қабылдау
18.03.2026
Мектеп кітапханасында 1 сынып оқушыларымен "Оқырманға арнау!" іс-шарасы өтті. Балалар кітапхана ішінде қызықты саяхат жасады, жұмбақтар шешті, ертегі кейіпкерлерін атады, сөздерден кітаптармен жұмыс істеу ережелерін жасады. :"Алақай-біз оқырмандармыз!" деген керемет эмоциялар балаларды толғандырды