Текст
2023 жылғы 03 мамырда"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Ақсай ауылының жалпы білім
беретін мектебі" КММ-де Отан қорғаушылар күніне арналған сап және ән байқауы өткізілді. Байқауға 5-10 сынып оқушылары
қатысты. Бұл конкурстың мақсаты отаншылдыққа, азаматтық борышын және Отан мүддесін қорғау жөніндегі конституциялық
міндеттерді орындағаны үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу болып табылады. Байқаудың жүлдегерлері: 3 орын-8 сыныпты
юнармейск бөлімшесі, 2 орын-7 сыныпты юнармейск бөлімшесі, 1 орын-9 және 10 сынып оқушылары. Бөлімшенің үздік командирі
болып 9 - сыныпты юнармейск бөлімшесінің командирі Аманжолова Меруерт танылды. Барлық жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.